Қызылордада 11 жастағы бала суға батып көз жұмды
Қызылордада 11 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.
Қызылорда қаласының іргесіндегі Тасбөгет кентінде 5-сынып оқушысы суармалы каналға батып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментіне 3 мамыр күні хабарлама түскен. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері екі күн бойы су түбін сүзіп, оқушының денесін кеше алып шыққан.
Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Мамандар балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: