Қызылордада 88 млн теңге жымқырғандар сотталды
Қызылордада 88 млн теңге жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден ақша бопсалаған екі адамға үкім шықты.
Мониторингтік топ мүшесі сыбайласымен бірге тексеріс нәтижесін «оң шешіп береміз» деп, кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаражат алған. Ақшаның бір бөлігін коттедж бен автокөлік алуға жұмсалған.
Сот басты айыпталушыны 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасына кесті. Оның сыбайласы 5 жылға шартты жаза алды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: