Қызылордада мотоскутер тізгіндеген жасөспірім жас жігітті қағып кетті

Оқиға туралы зардап шеккен жігіттің туыстары әлеуметтік желіде жазған, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Олардың айтуынша, жол апатынан кейін жігіттің басы жарылып, мұрны мен тістері сынған. Сонымен қатар қолы шығып, денесінің басқа да жерлерінен жарақат алған.

Полиция мәліметінше, мотоскутерді басқарған жасөспірімнің көлік жүргізуге құқығы болмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол жолдың сол жақ жиегімен келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Полиция оқиғаға қатысты заң талаптарына сәйкес тиісті шешім қабылданатынын хабарлады.

әлеуметтік желі оқиға полиция Мотоскутер

Тақырыпқа жаңалықтар