Қызылордада шаруаларға берілген 90 млн теңге субсидия қайтарылды
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары17 қыркүйек 2024, 13:00

Қызылордада шаруаларға берілген 90 млн теңге субсидия қайтарылды

Қызылорда облысында заңсыз берілген субсидия қайтарылды. Қызылорда облысының прокуратурасы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджет қаражатын пайдалану заңдылығын тексерді. Тексеріс нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидияларды негізсіз беру фактілері анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекетке 47 шаруашылық жүргізуші субъектіге негізсіз берілген 90 млн теңге субсидия кері қайтарылды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қызылорда шаруалар субсидия 90 млн теңге

Тақырыпқа жаңалықтар