Қызылордада жасөспірім тісін емдеткеннен кейін мүгедек болып қалған
Фото: Pixabay
Pixabay
Қазақстан жаңалықтары26 тамыз 2024, 15:34

Қызылордада жасөспірім тісін емдеткеннен кейін мүгедек болып қалған

Қызылордада орталық қалалық емхананың балалар стоматологиясында тісін жұлдыртқан бала мүгедек болып қалған. Кәмелетке толмаған бала тісін емдеткен күні-ақ, өзін нашар сезініп, жақ сүйегі ісіне бастаған. Кейіннен облыстық көпсалалы ауруханада «Сол жақ төменгі жақтың жедел іріңді одонтогенді флегмонасы, 7,5 тісін жұлғандағы жағдайы» диагнозы қойылып, екі рет операция жасалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

6 айдан кейін баланың жақ сүйегі қайта ісіп, Алматыда ақылы түрде ем-шара алуына тура келген.

Жәбірленуші баланың анасы шағымданған соң, Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті тексеру жүргізіп, нәтижесінде бастапқыда клиникалық диагностика және емдеу хаттамасы сақталмағанын анықтаған.

Одан кейін жәбірленуші тарап, моральдық, материалдық шығын өндіру мақсатында сотқа арызданған. Арызда баланың денсаулығына келтірілген залалдан екі жыл бойы ұйықтай алмай, мүгедек болып қалғаны жазылған.

Қазіргі таңда сот стоматологиялық емханадан 1,5 миллион теңгеден астам өтемақы өндірді.

Қызылорда Жасөспірім мүгедек Стоматология

Тақырыпқа жаңалықтар