Қызылордалықтар судың түсіне шағымданды

Қызылордалықтар судың түсіне шағымданды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Желіде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен қатты лай су ағып жатқаны туралы видео тарады. Олардың шағымына «Қызылорда су жүйесі» мекемесіндегілер жауап берді.

«Сүзгі қондырғыларындағы электр қуатының уақытша ажырауы және қайта қосылуы салдарынан ауыз судың түсі өзгерген. Су беру уақытша тоқтап, кейін қайта іске қосылған уақытта су лайланған», — делінген кәсіпорын хабарламасында.

Ауыз су құбырын тазарту жұмыстары жүргізілген.

Қызылорда су жүйесі Ауыл тұрғын

Тақырыпқа жаңалықтар