Қазақстан жаңалықтары12 ақпан 2026, 10:39

Референдумға қанша қаражат бөлінеді?

Референдумға 20,8 миллиард теңге бөлінетін болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мұны Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник хабарлады. Айтуынша, бұл сома алдын ала есеп бойынша көрсетілген. Әлі Үкіметтің шешімімен нақтыланады екен. Ал қаражаттың 75%-ы учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысына жұмсалады дейді.

Бұған дейін қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков референдумға АЭС-ке бөлінген (15,5 млрд теңге) қаржыдан көп ақша жұмсалатынын айтқан еді.

референдум ата заң қаражат бюджет

Тақырыпқа жаңалықтар