Ресейдің бұрынғы премьер-министрі террористер тізіміне енді

Ресей Федерациясында шетелдік агент ретінде танылған Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Михаил Касьянов террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы ақпарат Росфинмониторингтің ресми сайтында жарияланды.

«Касьянов Михаил Михайлович, 12.08.1957 жылы туған, Мәскеу облысы» - деп жазылған ақпаратта.

Өткен жылдың қараша айында премьер-министр шетелдік агенттердің қызметі туралы заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәскеудің Таган аудандық соты оны кінәлі деп тауып, 45 мың рубль көлемінде айыппұл тағайындады.

2023 жылдың қарашасында Касьяновты шетелдік агент деп таныды. Әділет министрлігінде айтылғандай, ол «шетелдік агенттердің хабарламалары мен материалдарын таратуға қатысты. Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер мен олар жүргізетін саясат туралы жалған ақпарат таратты». Қазіргі таңда Касьянов Ресей Федерациясынан тыс жерде тұрады.

Ресей шетелдік агент Касьянов Тізім

Тақырыпқа жаңалықтар