Руслан Берденовтың жағдайы туралы тың дерек шықты

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы тұрақты, өзі жүріп-тұрады, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Ақмарал Әлназарова Берденовтың ауруханадағы жағдайын айтты.

«Оның жағдайы - тұрақты ауыр. Ауруханаға түскен кезде хирургтардың екі бригадасы төрт сағат бойы медициналық шұғыл көмек көрсетті. Пациентке ота жасалды, жағдайы тұрақталды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, өзі жүріп-тұрады. Әзірге дәрігерлердің бақылауында», - деді Әлназарова Үкіметте өткен брифингте.

 

Айта кетейік, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовты атып кетті.

Берденов Ақпарат жағдай Әкім

Тақырыпқа жаңалықтар