Шағын футболдан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында кіші футболдан әуесқойлар арасында Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты. Ел құрамасы ширек финалда Әзербайжанды қапы қалдырып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ойынның негізгі кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталды. Қазақстандықтар қарсыласын пенальти сериясында 7:6 есебімен жеңіп кетті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Айта кетсек, Әзербайжан құрамасы өткен Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанған еді.
Енді жартылай финалда қазақстандықтар Сербия және Бельгия жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ел құрамасы топтық кезеңде Англия (7:0) және Украинаны (3:2) жеңсе, Грекияға (0:1) есе жіберіп қойды.
Ал 1/8 финалла Словенияны (1:0) орта жолда қалдырып кетті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: