Салық төлеуден жалтарған күдікті БАӘ-де ұсталып, Қазақстанға жеткізілді
Салық төлеуден жалтарған күдікті БАӘ-де ұсталып, Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігінің бірлескен әрекеті нәтижесінде салықтан жалтарғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға жеткізілді.
2018-2020 жылдары коммерциялық кәсіпорын директоры болып жүрген күдікті мемлекетке 293 млн теңгеден астам залал келтіріп, бір жылдан астам уақыт бойы жасырынған.
Қыркүйек айында БАӘ аумағында ұсталған күдікті Қазақстанға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамауға алынды. Оған мүлігін тәркілеу және 5-тен 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске салайық, биыл БАӘ-ден іздестіріліп жүрген 9 адам елге экстрадицияланды.