Қазақстан жаңалықтары30 сәуір 2025, 10:56

“Шаштан жұлып, беттен тепті”: Қаскелең қаласында колледждегі қыздар төбелесті

Оқиға Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінде болған. Білім ордасындағы студенттер арасында төбелес болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиғаның бейнесі әлеуметтік желіде тарады. Бейнеден бір қыздың екінші қызды шашынан жұлып, бетіне тепкенін көруге болады. Ал маңайдағы қыздар оларды ажыратып жатыр.

Жергілікті полиция қақтығысқа қатысқан барлық қыздардың жеке басын анықтады. Қыздардың ата-аналары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдары колледж оқушыларымен профилактикалық жұмыс жүргізетін болды.

видео Төбелес полиция Қыздар
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар