Сахна саңлағы Сапар Өтемісұлы өмірден өтті
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, сахна саңлағы Сапар Өтемісұлының өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
"Сапар Өтемісұлы – алпыс жылдан астам уақыт бойы өнерге адал қызмет етіп, Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының өсіп-ілгерілеуі жолында тынбай тер төккен, ұлттық театр өнерінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі. Ол жүздеген рөлдері арқылы қазақ сахнасының өрісін кеңейтіп, көрерменнің жүрегіне жол тапқан шынайы өнер иесі еді”, - деп жазды министрлік.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: