“Сейфті ашқан”: Мұнай компаниясының менеджерін жантүршігерлік жағдайда өлтіріп кетті

Атырауда мұнай компаниясының менеджерін өлтіріп кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қазақстандағы Адам құқықтары бюросы мәлімдеді.

Қаза тапқан 46 жастағы Бибігүл Шпанованы тұрғын үйінде пышақтап кеткен. Ол NCOC компаниясында игеру жоспарлау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

«Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары табылған, үйдегі сейф бұзылған. Қаза тапқан әйелдің туыстары әділ әрі бейтарап тергеу жүргізу үшін біздің бюромыздан көмек сұрады», – деп хабарлады ҚАҚБ.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, қылмыстың кәсіби қызметпен байланысын да тергеу керек екен. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.

Атырау Мұнай Қаза Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар