Семейде ойын-сауық орталықтары жаппай тексерілмек
Семейде ойын-сауық орталықтары жаппай тексерілмек, деп хабарлайды Arbat.Media.
«BalaPark» орталығында болған өртке байланысты Абай облысының әкімі қаладағы барлық ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерін және адамдар көп жиналатын нысандардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруді тапсырған.
Айта кететіні, күні кеше болған өрт 3100 шаршы метрге таралған. Жедел штаб құрылып, 120 құтқарушы, 75 полиция, 15 жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, 30-дан астам техника жұмыс істеді. Абырой болғанда, адам шығыны болған жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: