Семейде төрт жасар қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап қаза тапты

Семей қаласында төрт жасар қыз көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылы туған қыз бала ересектердің қарауынсыз қалған кезде терезеден құлап кеткен. Өкінішке қарай, алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Осыған байланысты ТЖМ ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатып, тұтқаларды құлыптап, москит торына сенбеуге және терезе маңына жиһаз қоймауға кеңес берді.

семей Қала Бала терезе
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар