Қазақстан жаңалықтары17 мамыр 2024, 13:00

Семейде жоғалған бауырлардың бірінің денесі табылды

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілді. Бүгін біреуінің денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Іздеу шаралары Ұлттық ұлан, полиция, құтқарушылар, еріктілер, сондай-ақ белсенді азаматтарды тарта отырып жүріп жатыр, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында судан табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп, бірқатар сараптама тағайындалды.

Кәмелетке толмаған екінші баланы іздеу жалғасып жатыр.

Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

семей бауырлар денесі табылды

Тақырыпқа жаңалықтар