Семейлік полицейлер жоғалған 15 жастағы қызды тапты
Семейлік полицейлер жоғалған 15 жастағы қызды тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жасөспірім 2 қарашадан бастап үйде болмаған, туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін тек 4 қарашада хабарлады.
Іздеуді жүзеге асырған полиция, жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы аралап тексерді.
Тек сағат 12:00-ге қарай полицейлер қызды тапты.
Қазіргі уақытта қызбен және оның заңды өкілімен психологтардың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.
Қыздың мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады.
Еске салсақ, Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздестірген болатын. Валерия Ефанова 2 қараша таңғы 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, бүгінгі күнге дейін қайтып оралмаған.