Қазақстан жаңалықтары7 желтоқсан 2023, 11:19

Сенат бала құқығын қорғауға арналған заңды мақұлдады

Сенаттың жалпы отырысында «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Заңның негізгі мақсаты - 2011 жылғы 19 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау. Факультативтік хаттама Қазақстан 1994 жылғы 8 маусымда ратификациялаған БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына қосымша келісім ретінде саналады.

Құжатқа қол қою Қазақстанның бала құқықтарын қамтамасыз ету және балаларды құқықтық қорғау тетіктерін кеңейту жөніндегі міндеттемесін тағы да растайды.

Сенатор Талғат Жүнісовтің айтуынша, қаралап отырған хаттамаға сәйкес, егер балалар немесе олардың өкілдері Қазақстандағы барлық деңгейдегі соттармен қаралып, шыққан шешіммен келіспесе, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы шағымдар түсіре алады. Факультативтік хаттама хабарламаларды қараудың екі рәсімін қарастырады, олар – жеке және мемлекетаралық хабарламалар.

Бұл заң аясында бала құқықтарын қорғау деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының азаматтарына өздерінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени мүдделерін халықаралық қорғау құқығын қамтамасыз ету ескерілген.

сенат Бала құқығы Заң

Тақырыпқа жаңалықтар