Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады
Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сенат БАҚ, интернет және қоғамдық кеңістікте дәстүрлі емес жыныстық бағдар мен педофилияға қатысты ақпаратты таратуды шектейтін заң жобасын бірінші оқылымда қолдады.
Құжат Еңбек кодексіне және балаларды зиянды ақпараттан қорғауға қатысты нормаларды қоса алғанда, тағы 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.
Сенатор Амангелді Есебайдың айтуынша, бұл түзетулер жастарды қорғауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және антиәлеуметтік құбылыстардың алдын алуға бағытталған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: