Сенат ЖИ туралы заңды Мәжіліске қайтарды

Сенат ЖИ туралы заңды Мәжіліске қайтарды. Сенаторлар құжаттағы жекелеген баптарды әлде де жетілдіру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сенаторлардың пікірінше, жасанды интеллектіні қолданудан азаматтарға қауіп-қатер төнбеуі керек екен. Сол себепті депутаттар жүйені пайдалану кезінде міндетті қауіпсіздік талаптарын енгізуді ұсынып, заңды Мәжіліске қайтарды.

«Технологияны енгізу берік нормативтік базасыз мүмкін емес. «ЖИ туралы» заң – елімізде алғаш рет жасанды интеллектті реттеудің құқықтық негізін қалыптастыратын маңызды құжат. Біз енгізген түзетулер қауіптің алдын алу мен залалды болдырмауға бағытталған нақты жауапкершілікті күшейтеді», – деді депутат Бибігүл Аққожина.

Енді мәжілісмендер ұсынылған түзетулерді назарға алып, заң жобасына енгізуі қажет.

сенат Мәжіліс ЖИ Заң

Тақырыпқа жаңалықтар