“Шерзат ісі”: Сотталушылар Қаржаубайды кінәлі қылып шығарды
Бүгін, 15 мамыр күні Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.
Сотта екінші сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев бұрын берген айғақтарынан бас тартты. Себебі ол тергеу барысында соққыға жығылып, қысым көріпті.
"Маған қысым жасалды. Тәртіп сақшылары ұрды. Бұл туралы бірнеше рет арыз жаздым. Полиция бөліміне кірген соң жауап алғанша ұрды. Қысқасы, олар бізге: "Сендер туралы фильм түсірейік" деп айтты. Олар мені ұрды. Келгендердің бәрі, тергеушілер де ұрып соқты. Олар, былай айтасың, былай сөйлейсің деді. Қаржаубайдың өзі келді – бізді қорлап, бізді де ұрды, куәгерлер бар", - дейді сотталушы.
Тоқтаубаевтың адвокаты соттан ұрып-соғу және азаптау туралы ұйғарым шығаруды сұрады. Бірақ сот оны қанағаттандырмады.
Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Полатты нақты кім пышақтағанын хабарладық.