Шерзат ісінде прокурор соттан кете ме?: Тың дерек

Судья адвокаттардың өтініш хатын қабылдамады, деп хабарлайды Arbat.media.

Прокурор Дана Сәрсенбай сотқа әрі қарай қатысады.

Бұған дейін, Шерзатты өлтіргендердің адвокаттары прокурорды ауыстыруды сұрады

Олардың сөзінше, прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыны шатастырып, қысым көрсетіп жатыр. Оның үстіне кәсіби біліктілігімен істі зерделемеген дейді адвокаттар.

Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай бұл өтінішпен келіспейтінін айтты.

Айта кетейік, Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бұл істе 9 айыпталушы бар.

 

Прокурор Шерзат сот

Тақырыпқа жаңалықтар