Шерзатты өлтіргендердің адвокаттары прокурорды ауыстыруды сұрады
Шерзат ісі бойынша айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды Arbat.media.
Олардың сөзінше, прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыны шатастырып, қысым көрсетіп жатыр. Оның үстіне кәсіби біліктілігімен істі зерделемеген дейді адвокаттар.
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай бұл өтінішпен келіспейтінін айтты.
Айта кетейік, Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бұл істе 9 айыпталушы бар.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржаубайдың адвокаттарына қастандық жасалғанын хабарладық.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: