Қазақстан жаңалықтары30 мамыр 2025, 20:17

Шерзатты өлтіргендердің бірі “2-3 рет тепкені үшін” өтемақы төлеуден бас тартты

Сотта айыпталушылардың бірі судьядан өтемақы төлеу туралы өтінішті қанағаттандырмауды сұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кеше, 29 мамыр күні Шерзат Полаттың қазасына қатысы барларлың сот отырысы өтті.

«Құрметті сот бұл талаптан бас тартуыңызды сұраймын. Себебі өздеріңіз видео.тех, фото зерттеуден көргендеріңіздер мен Шерзат Полатқа (марқұм) жақындаған да жоқпын, ұрғанда жоқпын. Мен тек қана Ғайыпбаев Нұрқанатты 2-3 рет тепкем. Есептеп қарасам, сол үшін 150 млн теңге болып тұр. Үш рет тепкенім үшін 150 млн теңге» - деді ол.

Айта кетейік, жәбірленуші тараптың адвокаты жалпы моральдық шығын ретінде сотталушылардан 663 млн теңге өтемақы төлесін деп, талап арыз білдірген еді.

сот Шерзат Полат Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар