Щучинскідегі жарылыстан аман қалғандардың жағдайы белгілі болды
Щучинскідегі мейрамханада болған жарылыстан зардап шеккендерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетілуде, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің айтуынша, «Авиценна — Бурабай» ауруханасында төрт науқас ем қабылдап жатыр. Олардың барлығының жағдайы ауыр.
Қалған науқастар көпсалалы өңірлік ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалады. Олардың ішінде төрт пациентке өкпені жасанды желдету аппараты қосылған. Ал екеуі аса ауыр жағдайда. Өңірге Астанадан мамандар, соның ішінде анестезиолог-реаниматологтар келген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: