Қазақстан жаңалықтары13 шілде 2024, 9:11

Соколов-Сарыбай шахтасында жұмысшы қаза болды

Қостанай облысындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту орнында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға туралы кен-байыту орнының баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Кен орны жұмысшы қазасын жазатайым оқиға деп мәлімдеді.

«280 метр деңгей жиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмыскер қаза тапты», делінген хабарламада.

Оқиға қатысты тергеу басталды.

Соколов-Сарыбай Жұмысшы қаза болды Шахта

Тақырыпқа жаңалықтар