ШҚО-да екі жыл бойы алтын заңсыз өндірілген

ШҚО-да екі жыл бойы алтын заңсыз өндірілгені анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД бірлесіп, Самар ауданы аумағындағы «Кенкарын» учаскесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі. Жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен.

Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты. Тексеру барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіптік жабдық тәркіленді.

Ұйымдастырушы 2 айға қамауға алынды.

ШҚО Алтын өндіру заңсыз
Кеше, 14:25 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 19:30 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:59 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар