Қазақстан жаңалықтары6 сәуір 2026, 16:52

ШҚО-да кәріз құдығына түскен 3 жұмысшы уланып қалды

ШҚО-да кәріз құдығына уланып қалған 3 жұмысшы құтқарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауылында кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде 3 жұмысшы уланып қалған.

Олардың бірі өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған.

Оқиға орнына жеткен мамандар құдықта қалған екі адамды сыртқа алып шықты.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар құдық ішінде жиналған улы газдан улануы мүмкін. Тиісті мамандар оқиға орнында жұмыс жүргізуде.

ШҚО кәріз Жұмысшы уланды
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар