Қазақстан жаңалықтары26 мамыр 2024, 7:01

Стендап-әзілкеш 15 тәулікке қамалды

Жоғарғы сот стендап-әзілкештің ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Айыпталушы ойын-сауық мекемесінде өнер көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

«Сот айыпталушыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Стендап-әзілкеш 15 тәулік

Тақырыпқа жаңалықтар