Стоматологиядағы бала өліміне қатысты тың дерек пайда болды

Былтыр 30 қазанда 3 жасар Зере Есентай тіс емханасында көз жұмған еді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Дәрігерлер севоран препаратының көмегімен бүлдіршіннің 18 тісін емдемек болған. Егер оның өліміне қатысты айыпталушы анестезиологтың кінәсі дәлелденсе, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Елімізде севоранмен емдеу протоколға сай 2000 жылдардан бері қолданысқа енгізілген. Тіс емдеуден бөлек, хирургиялық операциялдарда, балаға КТ, МРТ жасағанда немесе сүндетке отырғызғанда кеңінен қолданылады. Құтыдағы сұйықтық Үндістан, Румыния, Қытай елдерінен импортталады.

Министрліктің мәліметінше, клиникалық протоколдарда бір уақытта қанша тіс емдеуге болатыны нақты көрсетілмеген. Алайда мамандар 18 тіпті 20 тісті бірден емдеп, баланың 6-7 сағатқа наркозда жатуы аса қауіпті екенін айтады.

Стоматология Емхана тіс бүлдіршін

Тақырыпқа жаңалықтар