Су тасқыны: Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялайды
Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы кентінде ауа райының нашарлауы мен қардың қарқынды еруі Шерубай-Нұра өзенінің шектен тыс толуы салдарынан «Екатеринбург-Алматы» тас жолының уақытша жабылуына әкелді. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастырып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
Халықты тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тегін негізде жеке локомотивті пайдалана отырып, бір рейске жолаушылар пойызы тағайындалды:
№8801/8802 «Қарағанды-Балқаш-2» бағытында пойыз Қарағандыдан 30 наурыз күні сағат 14:53-те жөнелтілді.
Сондай-ақ келесі 1 рейске жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар тағайындалды:
«Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы №606 пойыз Қарағандыдан 30 наурызда сағат 19:40-та жөнелтіліп, 31 наурыз күні Балқашқа сағат 06:25-те келеді;
«Балқаш-2-Қарағанды» бағытындағы №605 пойыз 30 наурыз күні сағат 22:50-де Балқаштан жөнелтіліп, 31 наурыз күні сағат 8:20-да Қарағандыға келеді.
Қосымша вагондардың арқасында су басқан аймақтардан 1 200-ден астам тұрғынды тасымалдау мүмкін болады.
Анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша тегін алуға болады.