«Шұғыл түрде Алматыдан дәрігерлер келді»: Руслан Берденовтың жағдайы қандай?
Оқ жарақатын алған Руслан Берденовтің жағдайына байланысты Алматыдан келген дәрігерлер консилиум өткізеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Respublica партиясының тең төрағасы, кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің айтуынша, Берденовтің жағдайы әлі де орташа ауыр, бірақ тұрақты.
«Русланның жағдайы – орташа ауыр, бірақ тұрақты. Жақын күндері Алматыдан келген дәрігерлермен консилиум өтеді. Көңіл-күйі жақсы, сенімі мықты», – деді Әлібеков.
Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын атып кетті. 3 рет оқ атылып, екеуі Руслан Берденовқа тиген. Қылмыскер ұсталды. Берденов ауруханада жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: