Шығыс Қазақстанда 37 жастағы келіншек мешіттерде ұрлық жасаған

Полицияға мешітте құны 400 мың теңге тұратын ноутбуктің жоғалғаны туралы арыз түскен, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тәртіп сақшылары тұрғылықты жері жоқ 37 жастағы күдіктіні ұстады. Оның басқа бір мешітте жасалған осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Барлық жағдайда күдікті бір тәсілмен әрекет еткен: тегін тамақ алу сылтауымен мешітке кіріп, қызметтік бөлмеден ұрлық жасаған.

Кейіннен ноутбуктің бірін сатып, ақшаны жұмсаған.

 

ШҚО Мешіт ұрлық Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар