Шығыс Қазақстанда біршама үйге су кірді

Шығыс Қазақстанда 13 үйдің ауласына су кірді, деп хабарлайды Arbat.media.

ШҚО-дағы Бұқтырма мен Поганка өзендерінде су деңгейі күрт көтеріліп, Зубовск кентіндегі 13 үйдің ауласын су басты. Бұған Алтай ауданында екі күн бойы толассыз жауған жауын мен таудағы қардың еруі себеп болды.

ТЖД мен әкімдік қызметкерлері суды дер кезінде тартып, жағалауды 2 мың қап инертті материалмен бекітті.

Қазір су деңгейі 73 см-ге төмендеді. Мамандар тәулік бойы бақылау жүргізіп отыр.

 

Су Тасқын ТЖМ

Тақырыпқа жаңалықтар