Қазақстан жаңалықтары15 желтоқсан 2023, 6:34

Шығыс Қазақстанда өзен арнасынан асып, үйлерге су кірді

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Өрел өзені арнасынан асып, үйлерге су кірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Катонқарағай ауданындағы Өрел өзені арнасынан асып, су үш үйге кіріп, 9 үйдің ауласына жайылды дейді ШҚО әкімдігінен.

Күнің күрт суытуына байланысты өзен арнасына мұз қатып, су деңгейі көтерілген. Аудан әкімі Ділдар Қалтқан төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ол жерде жергілікті атқарушы органның және Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері жұмыс істеп жатыр.

- Арнайы техникалар да жұмылдырылды. Мотопомпалармен су сорылып, сыртқа шығарылды. Құм салынған қаптардан бөгеттер қойылды. Өзен арнасын қар-мұздан тазарту жұмысы жалғасады. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі үшін барлық жұмыс атқарылуда, - деді Д.Қалиқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dildar Kalikan (@dildar_kalikan)

ШҚО өзен Су оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар