Қазақстан жаңалықтары6 қараша 2023, 12:58

Шымкентте кортеждегі жастар жол ережесін өрескел бұзған

Шымкентте кортеж қатысушылары жол ережесін өрескелбұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz жариялады.

Мегаполис көшелерінің бірінде болған “форсаж қойылымын” ПД-ның жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары түсіріп алған.

Автожолдағы жастардың "көңіл көтеруін" ЖБО инспекторларының нұсқауымен келген патрульдік полицейлер тоқтатты.

Қарсы жолаққа шыққаны үшін 18 және 19 жастағы үш жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осылайша мақтанамын деп дандайсығандар алты айға көлік басқару құқығынан айырылумен аяқталды.

 

Шымкент Кортеж Жастар ереже бұзу
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар