Шымкентте қыз алып қашқан жігіттер сотталды

Іс бойынша үш адам сотталды. Олар күйеу бала мен оның екі досы, деп хабарлайды Arbat.Media.

Некеге мәжбүрлеу” бабы бойынша кінәлі деп танылған үш жігіт те 3 жылға сотталды.

Алайда бұл үкіммен сотталушылардың жақындары келіспейді. Сөздерінше 17 жастағы қыз алып қашуға өз еркімен келісіп, тіпті күйеу жігітпен 40 күн бір шаңырақта тұрған екен.

Бұған дейін Шымкентте 17 жастағы студент қыз оны біреу күштеп ұрлап, Сарыағаш ауданындағы ауылға апарғанын, онда оны күштеп зорлағанын мәлімдеген еді. Алайда жігіттің туыстары бәрі келісіммен болды деп айтқан.

Шымкент Апат қыз сот

Тақырыпқа жаңалықтар