Шымкентте шұңқырға құлаған 6 жасар баланың қазасына қатысты 2 кәсіпкер қамалды
Шымкентте қоршалмаған шұңқырға құлаған 6 жасар баланың қазасына қатысты 2 кәсіпкер қамалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Тергеу мәліметі бойынша, 2024 жылы «Тұран» шағынауданында кәріз құбыры жарылған. Оны жамауға келгендер тереңдігі 3 метрлік шұңқыр қазып тастап кеткен. Уақыт өте келе оған кәріз суы толып кетіпті. Жергілікті билік жұмысқа мердігерді жалдаған. Олар тағы бір компанияға тапсырған. Алайда шұңқыр сол күйі бітелмеген.
Енді 2 кәсіпкер уақытында апаттың алдын алмағаны үшін ұсталды. Олар қауіпті аумақты қоршау және ескерту белгілерін де қоймаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: