Шымкенттегі беделді университет басшылығы студенттерге бөлінген ақшаны қалтаға басқан

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде басшылық қаражат жымқырған, деп хабарлайды Arbat.media.

ҚМА қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады. Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар.

Тергеу нәтижесінде университет басшылығының 256 млн теңге көлемінде жалған келісімшарттар жасағаны анықталды.

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат көлік (Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570 және т.б.) пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алған. Оларға сот санкциясымен тыйым салынды», деп хабарлады ҚМА.

Қазіргі таңда осы іс бойынша 4 күдікті үйқамақта отыр екен. Қылмыстық іс сотқа жолданған.

Ақпарат сот Ақша жымқырды

Тақырыпқа жаңалықтар