Шымкенттегі қоймалардың бірінде ірі өрт шықты
Өткен түнде Шымкентте макулатура жинайтын қоймадан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
"Шымкент қаласында кезекті шақырту келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, Қаратау ауданындағы Жібек жолы көшесінде орналасқан макулатура жинау қоймасы өртеніп жатты.
Жоғарғы рангпен келген өрт сөндірушілер 120 шаршы метр алаңда қойма шатыры мен ішінде сақталған макулатураның жанып жатқаны туралы баяндады", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрттің үлкен аумақты шарпуы, қатты түтін мен көптеген жанғыш материал салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, өрт сөндірушілер өртті тез арада сөндіре алған. ТЖМ мәліметіне сенсек, өрттен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: