Шымкенттік келіншек жүкті әйелдерді тақырға отырғызды

Шымкент қаласының прокуратурасы әлеуметтік төлемдердің тағайындалу заңдылығына жүргізген талдау нәтижесінде «У» есімді азаматшаның заңсыз ісі анықтады. Оның жымысқы әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті жеке кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорындарға жалған жұмысқа орналастырған. Ол жүкті әйелдердің атына заңсыз түрде әлеуметтік төлемдерді рәсімдеп, белгіленген қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған.

Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 217 млн тг көлемінде шығын келтірілген.

«Аталған факті бойынша ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тергеп-тексеру үшін жолданды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Бас прокуратура.

 

Шымкент төлем келіншек Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар