Қазақстан жаңалықтары31 желтоқсан 2023, 16:00

Тағамдағы жылтырақтар қауіпсіз бе?

Тағамдағы жылтырақтар қауіпсіз бе? Мерекелік дастарқанның сәні – әшекейлі торттар. Қазір тағамдық глиттердің неше түрі бар. Кейде олар денсаулыққа зиян болуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media жазады. 

Тағам жылтырақтарын қалай пайдаланады?

Көбінесе шиммерді (жылтырақ) десерттер мен сусындарға қосады. Мысалы, шампанға, коктейльдерге.

Жылтырақтар мерекелік көңіл-күй сыйлап, тәбетті ашады.

Глиттермен капкейкті, эклерді, тортты, кексті, т.б. әшекейлейді. Әсіресе балаларға арналған торттарды әшекейлеуде кондитерлердің қиялы шарықтап кетеді.

Шиммер зиянсыз ба? Сарапшылардың пікіріне қарағанда, егер фальсификат (тағамға арналмаған шиммер) пайдаланылса, ол зиян. Ең дұрысы, шиммерді пайдаланбау. Ал тағам технологының айтуынша, бір рет дәм тату қорқынышты емес.

Торт әшекейлерінің құрамында зиянды ингредиенттер кездесуі мүмкін: ауыр металдар, мыс және басқа компоненттер.
Сол себепті глиттерден бас тартып, одан да тортты шоколад, цитрус, карамель, жаңғақтармен әшекейлеген жөн.

Ольга Косникова, тағам технологы, «Қорқынышты химия» кітабының авторы:
- Тағам жылтырағы немесе глиттер деген не?
Глиттердің құрамында алюмосиликат, слюда болады. Егер оны шамалы мөлшерде пайдаланса - қауіпсіз. Олардың индексі - Е554-тен Е560-қа дейін.
Слюдаға тағам бояулары жағылады. Сонда торттар алуан түрлі реңкке боялып шыға келеді.
Мысалы, титан диоксиді – Е171 (ақ түсті), темір оксиді – Е 172 (сары түстен қызыл, қоңыр, қараға дейін) және т.б.
Өте қымбат глиттерге тағамдық күміс – Е174 пен алтын Е175 қосылады. Айтпақшы, Е дегеннің бәрі зиян емес. Бұл заттың зерттелгенін және тағамға қосуға рұқсат етілгенін білдіреді. Мәселе – дозада.

Глиттер (немесе кандурин) сертификатталады, тексеріледі. Соның ішінде ауыр металдар бар-жоғы тексеріледі. Заң бойынша, қорғасын, мышьяк, кадмий, сынап мөлшерін қадағалайды. Егер глиттер отандық заманауи кәсіпорында, барлық нормалар сақталып әзірленсе, проблема жоқ.
Алайда нарықтағы кандуриннің бәрі талапқа сай емес. Мысалы, Қытайдан келетін жылтырақтарда тағамдық емес глиттер мен бояулар кездесуі мүмкін. Соның ішінде, айталық, мыстың дозасы көп болса, ол ауыр металл болып есептеледі және зиян. Кейбір өндірушілер фальсификация жасайды: тағам құрамындағы элементті қаптамаға жазбайды.

Сондықтан да жеке өндірушілерден тәтті-тұрым сатып алған кезде байқау керек. Инстаграмдағы аспаздар ұсынатын әсем торттарды сатып алар кезде, осыны естен шығармаңыз.

Әйтсе де біз күн сайын торт жемейміз ғой, жылына бір жегенге ештеңе ете қоймас деушілер де болады. Тортқа қарағанда, шылым мен кальянда ауыр металл анағұрлым көп екені де рас.

Қысқасы, әр нәрсенің өлшемі бар. 

жаңажылдық астархан жалтырауық шампан торт

Тақырыпқа жаңалықтар