Тоқаев пен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылаған. Сондай-ақ саяси диалогта сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқаны айтылды.

Тоқаев Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды.

«Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты», - деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Ақорда сөйлесті телефон

Тақырыпқа жаңалықтар