“Тағы алдады”: Перизат Қайрат “изоляторда соққыға жығылдым” деп өтірік айтты
Кеше, 9 шілде күні сотта Перизат Қайрат журналистерге тергеу изоляторында қысым көргенін айтқан еді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бірақ Астана қаласы полиция департаменті оның сөзін растамады. Департамент арнайы видео жариялады.
Перизат Қайрат мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде қысылып қалғанын және жарақат алғанын айтып, арыз жазған.
«Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Перизат Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды», — делінген полиция хабарламасында.
Бірақ Перизат Қайраттың арызы бойынша тергеп-тексеру толық аяқталмады. Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынған.