Талдықорғанда гараж маңынан ер адамның мәйіті табылды

Талдықорғанда гараждардың бірінің маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады.

Полицияның мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам тірі кезінде алкогольдік ішімдікті шамадан тыс тұтынған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, ер адамның өліміне қатысты барлық мән-жай анықталып жатыр.

зорлық-зомбылық мәйіт Марқұм Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар