Талғарда уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланды
Алматы облысының Полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдіктіге іздеу жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
- Алматы облысы Полиция департаменті Уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Талғар ауданы, Тереңқара ауылы, Новостройка көшесі, №216-үй мекен-жайы бойынша тіркелген Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз, - деп хабарлады облыстық ПД.
Полиция іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білген жағдайда келесі телефондар арқылы дереу хабарлауды өтінді: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102.
Бұған дейін Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат қашып кеткенін жазғанбыз.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: