Талғарда жаңа прокурор тағайындалды

Алматы облысы Талғар ауданының жаңа прокуроры болып Жайнарбек Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Прокуратура органдарында оның 18 жылдан астам еңбек өтілі бар, соңғы 7 жыл Бас прокуратурада қызмет еткен.

Облыс прокуроры Берік Әдімов Мынбаевты «тәжірибелі маман» дейді.

Сондай-ақ, ол аудандағы қауіпсіздікті арттыру үшін түнгі патрульдеуді күшейтуді және учаскелік полицейлердің жұмысын қайта қарауды тапсырды.

Бұған дейін бұл қызметті Ерлан Тағаев атқарған еді — ол 2024 жылғы қазанда тағайындалған. Оған дейінгі прокурор Ескендір Бекманов 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісінен кейін қызметінен кетті.

Талғар Аудан Прокурор тағайындалды

Тақырыпқа жаңалықтар