Қазақстан жаңалықтары25 сәуір 2025, 10:47

«Тамағына тезек қосқан»: Қарағандылық отбасы 6 жетімді асырап, құлдыққа салған

Қарағандыда жетімдер үйінен 6 бала асырап алып, оларды соққыға жыққан отбасы сотқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Тергеу мәліметі бойынша, асыранды балалар тамақ ішпей, таяқтың астында қалған. Асыраушылары оларды үнемі ұрып-соғып, ақыры біреуін мүгедек қылған. Отбасының үш мүшесіне қатысты азаптау бабы бойынша айып тағылды.

Прокурордың мәліметінше, олар балаларды түнде иттің үйшігіне қамап, малдың қиын тамағына қосып берген.

Балалардың денесі көгерген. Денелерінде тыртықтар көп. Ең кішісінің басы жарылған.

6 балаға жауыздық танытқан отбасы оларға берілетін 300 мың теңгені қалталарына басып отырыпты.

Қазір балалардың үшеуі туған әжесінің қолында. Қалған үшеуі балалар үйіне жіберілді.

Қарағанды құлдық Отбасы

Тақырыпқа жаңалықтар