Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2025, 12:34

Танымал актер 5 жылдан соң түрмеден шықты

Актер Михаил Ефремов жазасын өтеп бостандыққа шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

2020 жылы Мәскеудің орталығында Ефремов мас күйінде көлік жүргізіп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Ол басқа көлікпен соқтығысып, екінші көліктің жүргізушісі курьер Сергей Захаров ауруханада қайтыс болды.

2020 жылдың қыркүйегінде Мәскеудің Пресненский соты Ефремовты сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Кейінірек жазасы жеті жарым жылға дейін жеңілдеді. Актен Белгород облысындағы түрмеде жазасын өтеп, мерзімінен бұрын босады.

Актер, түрме, сот

Тақырыпқа жаңалықтар